$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе қаласының әкімдігінде Спорт күніне орай мерекелік жиын өтті

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары бірқатар спортшыны құттықтап, алғысхат табыс етті

Ақтөбе қаласының әкімдігінде Спорт күніне орай мерекелік жиын өтті
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған аталған мерекеге орай Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Купенов бірқатар спортшыны құттықтап, қала әкімі Асхат Шахаровтың атынан алғысхаттар табыстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі ететін, жинақы жүруіне септігін тигізетін күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.

Мемлекет басшысының ерекше қамқорлығының арқасында, халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап артып келеді.

Соның нәтижесінде спортшылар халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, қазақ елін дүние жүзіне танытып жүр.

Әлемнің ең ірі спорт ареналарында Қазақстан Республикасының Туы желбіреп, Гимні шырқалатын болды.

Кездесу барысында ардагерлер арасында пауэрлифтингтен әлем және Азия чемпионы Қадыржан Изгарин барша спортшыларға алдағы жарыстарда сәт-сапар тілеп, елімізде олимпиада чемпиондарының қатары көбейсін деп ықыласын білдірді.

Серіктес жаңалықтары