$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейдегі жол апатынан Қырғызстанның 14 азаматы қаза тапты

Марқұмдардың денесін Қырғызстанға жеткізу туралы бұйрық берілді

Ресейдің Ульяновск облысында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғызстанның 14 азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, екі жүк көлігі шағын автобусқа соғылып, соның салдарынан 15 адам қаза тапты. Олардың 14-і - Қырғызстан азаматы, тағы бірі – жүк көлігінің жүргізушісі. Сондай-ақ қайғыды жол апатынан бес адам жарақат алды.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 21 тамызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 13:00 шамасында Ульянов облысы Николаев ауданындағы Прасковьино және Новопасское ауылдарының арасында болған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі алдын ала жылдамдығын бәсеңдетпей, жөнделіп жатқан жол бөлігінде тоқтап тұрған шағын автобусты соққан. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апатқа ауыр жүк көлігі жүргізушісінің денсаулығы кенеттен нашарлап кетуі себеп болуы мүмкін.

«Президент Жапаров елдің Сыртқы істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және «Манас» халықаралық әуежайына Ресейдің Ульяновск облысындағы жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан отандастардың мәйітін Қырғызстанға жөнелту үшін арнайы ұшақ ұйымдастыруды пысықтауды тапсырды. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», — деді С. Жапаровтың баспасөз қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков.

Серіктес жаңалықтары