$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында 142 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жазаланды

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған

Қарағанды облысында 142 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жазаланды
polisia.kz

Қарағанды облысының полицейлері 142 ауыр жүк көлігінің жүргізушісін жазалады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері ауыр жүк көліктерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, аталған көліктермен маңызы бар тас жолдарда мөлшерден тыс жүктерді тасымалдаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. 

«Бүгінгі таңда аудандық полиция басқармасының қызметкерлері көлікті бақылау инспекциясымен бірлесіп, “Доскей-Ботақара”, “Қызылқайың-Теміртау” тас жолдарында жүк көліктерінің жүргізушілерімен жол жүру ережелерін сақтау, маңызы бар тас жолдарда белгіленген мөлшерден тыс жүк тасымалдау мақсатында рейдік іс-шаралар жүргізуде. Шара барысында көлік жүргізушілерге жол көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша да түсіндірме жұмыстар атқарып жатырмыз», – деді Бұқар-Жырау ауданындық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Оразбаев.

Жыл басынан бастап полицейлер жүк көлік жүргізушілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-1, 571-бабының 6-тармақтарына сәйкес,  яғни тасымалдап жатқан жүктеріне құжаттарының болмауы және жүктің мөлшерден тыс болуына байланысты 142 әкімшілік хаттама толтырылған. 

Серіктес жаңалықтары