20.08.2022, 13:23
Жаңалықтар
Елордада су құбыры жарылып, мыңдаған адам сусыз қалды
Апатты жою жұмыстары түнгі сағат 23:30-ға дейін жалғасады деген жоспар бар
Фото ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласында су құбыры жарылып, мыңдаған адам сусыз қалды. Қазір аулаларды су таситын көліктер аралап жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 7:40-та Алматы ауданында орналасқан Д=400 су құбыры жарылды. Апат тура Тәуелсіздік даңғылы мен күйші Дина көшесінің қиылысында болған. Қазір бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды.
"Атап айтқанда, Тәуелсіздік даңғылы, күйші Дина мен Бейімбет Майлин көшелерінің бойында су жоқ. Көлікпен су жеткізу ұйымдастырылды", - делінген Астана су арнасының ресми хабарламасында.
Апатты жою жұмыстары түнгі сағат 23:30-ға дейін жалғасады деген жоспар бар. Оған дейін су болмайды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
