20.08.2022, 11:21
Жаңалықтар
Елордада көшеге түкіріп жүрген 23 адамға айыппұл салынды
Көшені ластағандар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді
Фото ашық дереккөзден
Елордада көшеге түкіріп жүрген 23 адамға айыппұл салынды. Тәртіп бұзғандарды екі күн ішінде «сергек» камераларының көмегімен және полицейлер анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көшені ластағандар 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша 15 900 теңге айыппұл төлейді. Екінші рет қайталанса айыппұл еселенеді.
Естеріңізде болса, елордалық мәслихат депутаттары қоғамдық орындағы тәртіпке қатысты заңды күшейтуді ұсынды. Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады.
Полиция департаментінің дерегінше, биыл көшені ластағаны үшін алты мың адамға айыппұл салынған екен.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
17.11.2026, 09:55
Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытуға мықтап кіріскен көрінеді
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
