18.08.2022, 23:36
Жаңалықтар
Щучинскте бас сүйегіне арматура кіріп кеткен балаға ота жасалды
Оқушы жансақтау бөлімінен жалпы палатағы ауыстырылды
Щучинскте бас сүйегіне арматура кіріп кеткен бала аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Щучинскте футбол ойнап жүрген 10 жасар бала байқаусызда қоршаудың шығып тұрған теміріне басымен соғылып, қадалып тұрып қалған. Көмек көрсеткен адамдар баланы босату үшін темірді түбінен кесіпті.
Оқушы басындағы металмен сол күйі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексеріп, миы мен басқа да органдарына зақым келмегенін анықтап, ота арқылы басынан арматураны алып шықты.
Отадан кейін оқушы жансақтау бөлімінен жалпы палатағы ауыстырылды, жағдайы қалыпты.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты