$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да өгей әке 13 жастағы қызын 5 жыл бойы зорлап келген

Қыздың анасы 2016 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан

ШҚО-да өгей әке 13 жастағы қызын 5 жыл бойы зорлап келген
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында ер азамат әйелін үнемі жұдырықтың астына алып, ал өгей қызын 5 жыл бойы зорлап келген. Мұндай сұмдық оқиғаны келіншектің өзі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Адвокат Айман Омарованың Instagram парақшасында әйелдің видеоүндеуі жарияланды. Заңгер қоғамда резонанс тудырмау және баланың құқығын бұзбау үшін келіншектің түрін көрсетпеуді жөн көрген.

Жәбір көрген әйелдің айтуынша, ол 2016 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан. Алайда жолдасы отбасының шырқын бұзып, тіпті өгей қызына адам шошырлық озбырлық көрсеткен.

«Ол кезде қызымның жасы небәрі 8-де болды. Бес жыл бойы күйеуім маған үнемі қол көтеріп, зорлық-қомбылық көрсетіп келді. Салдарынан талай мәрте ауруханаға да түстім. 2022 жылдың 9 қаңтарында ол мені есімнен танғанша ұрып соқты. Қызым мені өлді деп ойлап, анама телефон шалды. Анам артынша бірден келіп, балаларды өзімен, ал мені жедел-жәрдем шақыртып ауруханаға жіберді», - дейді келіншек.

Дәл сол күні 13 жастағы оқушы қызы әжесі мен туыс әпкесіне өгей әкесінен 8 жасынан бастап қорлық көргенін айтқан. Нақтырақ айтқанда, ер азамат 5 жыл бойы кішкентай қызға сексуалдық қысым көрсетіп келген екен.

«Болған жайтты егерде әлдекімге айтатын болсаң, анаң мен сені өлтіремін деп қорқытқан. Сол үшін қызым ешкімге айтпаған. Соңғы рет ол мұндай әрекетін 2022 жылдың 7 қаңтарында фермада жасаған. Ол жаққа қызымды менің рұқсатымсыз алып кеткен. 16 қаңтар күні Ұлан аудандық полицияға арыз жаздым. Процессуалдық прокурор мен психологтың қатысуымен болған жауап алу кезінде Тергеуші Шумақбаеваның сұрақтарына жауап беру барысында қызым тағы бір сұмдық жайтты айтты. Қызым 10 жаста болғанда өгей әкесі балаға адам шошырлық зорлау әрекетін жасаған», - дейді келіншек.

Сондай-ақ, Айман Омарованың айтуынша, құқық қорғау органдары ер азаматқа қатысты әлі күнге тиісті шара қабылдамаған. Автордың сөзінше, бұл істе ШҚО Ұлан ауданының прокурорлары мен Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары зорлық-зомбылық жасаған ер кісіні қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тырысады. Себебі ол ол прокурорлардың бірінің сыныптасы көрінеді.

Azattyq Ruhy тілшісі осы мәселеге қатысты ШҚО Полиция департаментіне хабарласты. Өз кезегінде баспасөз қызметі мән-жайды анықтап, нақты ақпарат беретінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары