18.08.2022, 16:07
Жаңалықтар
Қостанай облысында мемлекеттік бағдарлама аясында 484 млн теңге жымқырылған
Кінәлілерге сот үкімі шықты
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтаған. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді.
«Сот үш айыпталушыны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді.
Нәтижесінде іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде тағайындалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды