18.08.2022, 15:28
Жаңалықтар
Конституция күніне орай неше күн демалыс болады
Биыл 30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп тұр
Фото: ашық дереккөзден
30 тамыз күні елде Конституция күні аталып өтіледі. Осыған орай қазақстандықтар тамыз айында қатарынан үш күн демалады. Бұл туралы «Электронды үкімет» ресми порталы хабарлады.
30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан мереке алдындағы жұмыс аптасы ұзартылған. Яғни сенбі, тамыздағы демалыс күні дүйсенбіге, 29 тамызға ауыстырылды.
Осылайша, қазақстандықтар мерекеге орай 28 тамыз бен 30 тамыз аралығында демалады.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
25.11.2026, 01:27
Алматыдағы оқиға: Атакенттегі атыс тұрғындардың зәресін ұшырды (ВИДЕО)
24.11.2026, 20:36
Ертістегі қайғылы оқиға: Шығыс Қазақстанда үш балықшы жұқа мұз астына түсіп, қаза тапты
