$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде ит талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Екі ай бойы тергеу-тексеру шаралары жүргізілгенімен, іс жабылды

Ақтөбеде ит талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
фото: vko.sud.kz

Ақтөбеде қаңғыбас иттер талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды. Полицияның мәліметінше, 12 жастағы оқушының өлімі қайғылы оқиға деп танылған. Бұл туралы Azattyq Rýhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік оқиға Ақтөбенің Есет батыр ауданында болды. Кешке ауласына ойнауға шыққан 12 жастағы Мадияр Шакираттың мәйітін жақындары сол маңдағы құрылыс алаңынан тапқан. Анықталғандай баланы сау жерін қалмай қаңғыбас иттер талап тастапты. Оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, екі ай бойы тергеу-тексеру шаралары жүргізілгенімен, іс жабылды.

«Сот медициналық сараптама нәтижесінде баланың өлімі иттердің талағанынан болғаны анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», - деді Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қаңғыбас иттер