$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қуаныш Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне хабарлады

Қуаныш Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды
фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Тулейн университетін (АҚШ), Гарвард университетін бітірген.

Магистр, PhD докторы.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры.

2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болды, жоғары білім және ғылым мәселелері бойынша жетекшілік етті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#тағайындау