$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 900 мыңға жуық бала мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады

Елімізде 900 мыңға жуық бала мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады
Фото: ашық дереккөзден

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 900 мыңға жуық бала бір реттік тегін тамақпен қамтылады. Бұл туралы ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жеті өңірде, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында және БҚО-да 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Ақмола және Маңғыстау облыстарында бірінші сынып оқушыларының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылынан бастап Алматы қаласының 1-4 сынып оқушылары бюджеттік ыстық тамақпен қамтылады. Бұл Балалар жылы аясында қабылданған дұрыс шешім», - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа оқу жылында Қазақстанда 900 мыңға жуық бала бір реттік тегін тамақпен қамтылады.

Министр мектептегі көмек шаралары туралы айта келе, «Қазақстан халқына» қоры есебінен аз қамтылған отбасында тұратын 350 мың үлгерімі төмен бала «Цифрлық мұғалім» жобасы аясында қосымша білім ала бастайтынын хабарлады. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында түрлі ұйым, кәсіпорындар мен белсенді азаматтар 500 мыңға жуық баланы мектепке дайындауға атсалысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары