$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

AMANAT: Қостанай облысында мектептердің оқу жылына дайындығы талқыланды

Депутаттық фракцияның жетекшісі Қырмызы Жанбыршинаның төрағалығымен арнайы отырыс өтті

AMANAT: Қостанай облысында мектептердің оқу жылына дайындығы талқыланды
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында депутаттық фракцияның жетекшісі Қырмызы Жанбыршинаның төрағалығымен фракцияның отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында мектептерді жөндеу, азық түлік бағасын қадағалау, студенттерге арналған жатақханалардың жағдайы талқыға салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы мектептерді күрделі жөндеу және салу барысы туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айман Ибраева баяндады. Айман Еламанқызы мектептерді күрделі жөндеуден өткізу және олардың қатты отынмен қамтамасыз ету туралы баршаны толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қазір облыс аумағында мектептерді жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 20 нысанға күрделі жөндеу қарастырылған. Бүгінгі таңда 14 нысанда жұмыс жүргізілуде, оның ішінде 12 нысан бойынша жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Күн тәртібінде сонымен қатар студенттерді колледж жатақханаларында орындармен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Барлық оқушылар оқу жылын қолайлы жағдайда бастауы үшін, барлығын уақытында жасау маңызды. Мұнда көптеген нюанстар бар: құрылысшылар белгіленген мерзімде орындап, жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет.

Қостанай облысы қоғамдық даму басқармасының жастар ісі және азаматтық қоғам бөлімінің басшысы Әлішер Валиев өңірдегі жоғары оқу орындарындағы жағдаймен таныстырды: жөндеу жұмыстары, студенттердің жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілу барысы талқыланды.

Отырыс барысында облыстық мәслихат депутаты Мәди Ихтиляпов Наурзым ауданының екі мектебінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Жөндеу жұмыстары Раздольный және Өлеңді мектептерінде қажет. М. Ихтиляпов Айман Елеманқызына комиссия құрып, осы мектептерге барып, жағдайды сол жерде зерттеп, шешімді баяндауды өтінді.

Өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша да жұмыстар жалғасуда. Қабылданған шаралар мен нәтижелер туралы Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Төлеутай Ержанов мәлімдеді. Оның деректері бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына баға белгілеу тетігін іске асыруға 6 млрд 653 млн теңге бөлінді, тұрақтандыру қорында 15 атау бойынша 10,3 мың тонна көлемінде 2,2 млрд теңге сомасына қорлар қалыптастырылды.

Бұл бағытта «AMANAT» партиясының мониторингтік топтары да үлкен үлес қосып жатыр. Олар қалалар мен ауылдардың сауда нүктелеріне барып, әлеуметтік тауарлардың бағасын бақылап тұрады.

Жиын соңында фракцияның жетекшісі Қырмызы Жанбыршина облыстық мәслихат депутаттарына партияның жаңартылған үлгідегі билеттерін табыстап, қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген партия мүшелеріне өз алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары