14.08.2022, 15:17
Жаңалықтар
Бейнеуде 20 жылда 200 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Ол биылғы жылдың ақпан айында ойын клубын өртеп жіберген болатын
фото: видеодан скрин
Бейнеуде 20 жылда 200 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Beyneutoday хабарлауынша, Бейнеу тұрғыны биылғы жылдың ақпан айында бензин шашып, ойын клубын өртеп жіберген. Ер адам болған оқиғаның барлығын видеоға түсіріп алған.
Кейін ол 20 жыл бойы құмар ойынға тәуелділіктен зардап шеккенін және осы жылдар ішінде шамамен 200 миллион теңге жұмсағанын мойындады.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, «Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірді» деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ «жүкті әйелі, төрт баласы және кінәсін мойындау» сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жаза шартты түрде қалдырылды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды