$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қауіпсіз қала: балалар қауіпсіздігі басты назарда!

Аймақтарда 4500-ден аса кәріз құдығына мониторинг жасалды

Қауіпсіз қала: балалар қауіпсіздігі басты назарда!

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика көлемінде «Қауіпсіз қала» акциясын өткізуде.  Атаулы акция Төтенше жағдайлар  және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өтуде. Бұл туралы Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Акция бастау алған күннен бастап аймақтарда 4500-ден аса кәріз құдығына мониторинг жасалды. Оның ішінде 500-ге жуық құқық бұзушылық фактілерді анықталды. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген жерде шомылу бойынша 50 жағдай тіркелді деп атап өтті «Жастар рухы» жастары.

Мониторингтер жүргізу арқылы ақпарат жинап, тиісті орындарға тапсыру, сондай-ақ, жаз мезгіліндегі балалар мен ересектер арасында жазатайым оқиғалардың орын алуын төмендетуді мақсат қылған жас рухтастар жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті.

Ұйымдастырушылар ашық кәріз құдықтарына, жабдықталмаған шомылу орындарына, тұрғын үйлердің шатырының қауіпсіздіктеріне мониторинг жасауда.

Дені сау ұрпақ тәрбиелей отыра, табысты болашақтың кепілін қалыптастырамыз дейді «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

«Қауіпсіз қала – бұл ең біріншіден балалардың қатерсіз өсіп, жетілуін көздейді. Жас жеткіншектердің түрлі төтенше жағдайға тап болып, өмірлеріне қауіп тудырып жатқан жайттар қоғамда белең алуда. Арнайы орындарда, ашық қалған кәріз құдықтары мен өзен-су жағалауларында осындай апаттардың алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалуы биыл брінші рет өтіп жатқан жоқ. Бұл мәселеге «Жастар рухы» аса жауапкершілікпен қарап, басты назарда ұстауда. «Балалар жылы» аясында осындай бастамалардың өскелең ұрпаққа оң әсерін тигізеріне сеніміміз мол. Сақтықта – қорлық жоқ деп бекер айтылмағанын естен шығармаған да жөн», - дейді Нұржан Жетпісбаев.

«Қауіпсіз қала» акциясын өткізудегі басты себептердің бірі жыл басынан бері орын алып жатқан балалардың терезеден құлап кету жағдайларын алдын-алу. Сол себептен, Жастар қанатының өкілдері сәбилер мен балаларды қараусыз қалдырмауға, ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізуге шақырады.

Айта кетеміз, «Қауіпсіз қала» акциясы ағымдағы жылдың 19 тамызына дейін жалғасын таппақ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Amanat #Жастар Рухы