Павлодарда ғимаратқа заңсыз кірмек болған ер адамның қолын жеделсаты қысып қалды
Қазір ПД ер адамның бұл ғимаратта не бітіріп жүргенін анықтап жатыр
Павлодарда ғимараттардың біріне заңсыз кірмек болған ер адам жеделсаты шахтасында қысылып қалып қойған. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 2022 жылы 10 тамызда орын алды. Шақырту бойынша оқиға орнына келіп жеткен полиция жасағы құтқарушылармен бірге қолы қысылып қалған ер адамды жеделсатыдан алып шықты.
«Бес қабатты бос ғимараттың шатырында жүк тиейтін жеделсаты шахтасында трос пен механизм тұғыры арасына ер адамның оң қолы (иығы) қысылып қалғаны анықталды. Құтқарушылар жеделсаты қызметінің қызметкерлерімен бірге 27 жастағы қала тұрғынын құтқарды», - делінген хабарламада.
Қазір ПД бұл ғимаратта ер адамның не бітіріп жүргенін анықтап жатыр.