$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген екі әскери қызметшіге қатысты тергеу ісі аяқталды

Қазіргі кезде тараптар қылмыстық іспен танысып жатыр

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген екі әскери қызметшіге қатысты тергеу ісі аяқталды
Фото ашық дереккөзден

Алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікке ілінген екі әскери қызметшіге қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысында ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшісі автокөліктерді төмен нарықтық бағамен сатамын деп, 29 миллион теңгеге алаяқтық жасаған. Облыстық гарнизонның әскери прокуратурасы осы қылмыстық істің материалдарын 22 шілдеде сотқа жіберген.

Ал ұлттық ұланның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі смартфондарды төмендетілген бағамен сатып алумен айналысып, адамдарды 97 миллион теңгеге алдап кеткен. Қазіргі кезде тараптар қылмыстық іспен танысып жатыр.

Жақын арада оны да әскери сотқа жолдайды.

Осы орайда әскери прокуратура органдары халықты күмәнді тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде сақ болуға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары