$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада қаржы пирамидасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Әрбір клиент үшін қосымша пайыз төлеуге уәде берілген

Елордада қаржы пирамидасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото ашық дереккөзден

ҚМА елордалық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған «MMK Investment» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің хабарлауынша мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз $50 инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табысқа, әкелінген әрбір клиент үшін қосымша пайыз төлеуге уәде береді.

«Жеке шоттағы әрбір салым сомасы шарт жасамай «цифрлық түрде» көрсетілді.

Сонымен қатар, мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттерінің инвестицияланған қаражатты алу мүмкіндігі жоқ, тек шотты толтыру бар.

 «MMK Investment» компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды.

«MMK Investment» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары