$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: kp.ru

 Қазақстанда 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурсболашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Биылғы білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтеме арқылы жүктеуге болады. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ЖОО #грант