БҚО-да алимент төлемей жүрген 127 адам букмекерлік кеңселерге қомақты қаражат салып жүрген
Тағы 82 борышкер мобильдік қосымша арқылы такси қызметінен табыс тапқан
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы алимент төлемей жүргендердің ішінде 127 адамның букмекерлік кеңсеге қомақты қаржы салып жүргенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қадағалаушы орган эмитент-банктермен жасалған келісім нәтижесінде осындай мәлімет алған. Сонымен қатар 82 борышкер мобильдік қосымша арқылы такси қызметінен табыс тапқан. Яғни олар кіріс көзі бола тұра алимент төлемеген.
«Мысалы, Мұхамбетжановтың 200 мың теңге қарызы бола тұра, бухмекерлік кеңсе шотында 2 млн теңге ұтысы болған. Есеп айырысу шоттарына тыйым салу және инкассалық өкімдер шығару арқылы 1,5 млн теңгеге 30 борышкерден алимент бойынша берешектерін өндіріп алу мүмкін болды. ӘҚБтК 669-бабы бойынша 11 борышкер 5 тәулікке дейін қамау және айыппұл түріндегі жаза тағайындаумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.