$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2020, 14:25
Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан Қазақстанның 2 азаматы жарақат алды – СІМ

Олар Ыстамбұл қаласындағы Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген

Ыстамбұлдағы ұшақ апатынан Қазақстанның 2 азаматы жарақат алды – СІМ
фото: aa.com.tr

Кеше Измир - Ыстамбұл бағытында қатынайтын «Pegasus» әуе компаниясына тиесілі ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Апат салдарынан әуе көлігі үшке бөлініп, бірнеше жолаушы зардап шекті. Жарақат алған жандардың ішінде Қазақстанның екі азаматы бар екен. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың 5 ақпанында жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де Ыстамбұл әуежайына қолайсыз қону барысында ұшу-қону жолынан шығып кетуі салдарынан ҚР екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген. Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, азаматтарымызға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдануда», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары