09.08.2022, 05:58
Жаңалықтар
Ақтөбе-Атырау тасжолында жол апатынан өзбекстандық әйел мерт болды
Тағы бір әйел ауруханаға жатқызылды
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбе-Атырау тасжолында жол апаты болып, өзбекстандық екі әйел ауруханаға түсті. Оның бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Ақтөбе – Атырау тасжолының 284-і шақырымында болды. «Lada Largus» автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа кіріп, нәтижесінде жол жиегінің оң жағына қарай аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан өзбекстандық екі жолаушы Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Бірақ біреуі есін жимастан көз жұмды. Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының бүкіл қатысушыларын жол ережелерін сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды