Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейсі қайта жанданады
Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Вьетнам Социалистік Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Комитет вьетнамдық «Vietjet Air» ірі әуе компаниясының алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 үлгісінде әуе кемесімен аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді. «Vietjet Air» - Вьетнамның төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы. Әуе компания рейстерді 2007 жылы бастады. 19-дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Компания паркінде Airbus А320, A321, А321 neo, А330 үлгісіндегі 78 әуе кемесі бар», - делінген хабарламада.