08.08.2022, 14:51
Жаңалықтар
Қазақстан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатын 6 медальмен аяқтады
Алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты
Фото: kaztkd.kz
Болгария астанасында таеквондодан жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, алты күн бойы әлемнің 90 елінен барған 811 спортшы жүлделі орындарға таласты.
«Қазақстандықтар дүбірлі додада екі күміс пен төрт қола медаль иеленді. Жерлестеріміздің арасынан күміс медаль Айдана Сүндетбай (46) мен Тамерлан Тілеулеске (51 кг) бұйырса, Әсет Ізғалиев (48 кг), Жавохирхон Исламов (55 кг), Әлібек Шайкенов (59 кг) пен Батырхан Тілеуғали (59 кг) қола жүлдегер атанды», - делінген хабарламада.
Жалпы еліміздің атынан бұл аламанға 20 таеквондошы аттанған болатын.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:26
«Бейіт басында жалғыз қалды»: Сәкен Майғазиевтің анасын жерлегеннен кейінгі халі жұртты жылатты (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды