$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда тұрғын үйлердің бірінің пәтерінен әйел мен екі баланың мәйіті табылды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына «Мамыр» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты. Оқиға орнына келген полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын өз бақылауына алды», - делінген ведомство хабарламасында.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары