$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үй қамауындағы елордалық қайтадан ұрлық жасап ұсталды

Ол бұл жолы дүкен сөресінен виски ұрлаған

Үй қамауындағы елордалық қайтадан ұрлық жасап ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Елордалық полиция қызметкерлері сериялық ұрыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Бұған дейін полицияға дүкен әкімшілігі Қабанбай батыр даңғылындағы супермаркеттен 120 мың теңге көлеміндегі жеке гигиена құралдарын ұрлау фактісі бойынша жүгінген болатын. “Есіл” ауданы ПБ криминалдық бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Елорданың 26 жастағы тұрғыны сериялық ұрлық жасағаны үшін “үй қамауында” болған. Алайда дұрыс жолға түспей, бұрын сотты болған жігіт ескі әдетіне салып, қайта ұрлық жасауды бастаған.

Бұл жолы ол қаланың басқа ауданында, яғни Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан супермаркетке барған. Күдікті азық-түлік дүкеніне сатып алушы кейпінде кіріп, сөреден құны шамамен 60 мың теңге тұратын “Macallan” маркалы қымбат вискиді ұрлап алып, күртешесінің астына салып, дүкеннен шығып кеткен. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Нұр-Сұлтан #ұры