$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде әскериге қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді

Бұл дерекке қатысты әскери полиция тексеріс жұмыстарын бастады

Өскеменде әскериге қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді
Фото ашық дереккөзден

Өскемен қаласында әскери қызметшіге қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді. Бұл туралы . ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әскери қызметшінің анасы рота командирінің заңсыз әрекеттері жайлы әлеуметтік желіге жазған. Оның сөзінше, ұлына қысым көрсеткен командир несие алуға, үйіне азық-түлік әкеліп беруге мәжбүрлеп отырған.

«Бұл дерек АЕК-ға тіркеліп, әскери полиция тексеріс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкері капитан А. Сағынтаев қызметінен шеттетілді.Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады», - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Серіктес жаңалықтары