05.08.2022, 22:02
Жаңалықтар
Жетібай-Шетпе тас жолында жол апатынан екі көлік өртеніп кетті
Жүргізуші мерт болды, ал жарақат алған жолаушылары ауруханада жатыр
фото: www.lada.kz
Бүгін Жетібай-Шетпе тас жолының 96 шақырымында УАЗ және Toyota Prado маркалы екі көлік соқтығысып, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шетпе ауылына қарай келе жатқанда УАЗ автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Prado автокөлігіне соғылған. Ауыр соққыдан екі көлік өртке оранған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мерт болды, бес адам жарақат алды. Олардың барлығы облыстық ауруханада жатыр.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады