Мемлекетке 184 млн теңге шығын келтірген көкшетаулық кәсіпкерлер сотталды
Олар жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан
Ұйымдасқан қылмыстық топ Көкшетау қаласында 2016 жылдың ақпан айынан 2019 жылдың шілде айына дейінгі аралықта өз қызметін жүзеге асырған кезеңде мүліктік пайда алу үшін контрагент кәсіпорындарға тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, бірнеше рет жалған шот-фактуралар берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Кейін заңсыз жолмен алынған қаражат ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында таратылған. Салық төлеуден жалтару арқылы «Фирма Строинвест Астана» ЖШС, «Алад-Көкше» ЖШС мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден астам шығын келтірген», - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық нарығын реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.
Сот үкімімен кінәлілерден қылмыстық жолмен табылған сомадағы қаражат тәркіленіп, олар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.