«Жаңбыр, бұршақ, жел»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктердің хабарлауынша алдағы күндері, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Елдің қалған бөлігінде ұзақ уақыт бойы ауа райын, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтайды. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады – найзағай, екпінді жел болып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін.
Температуралық фон ерекше өзгерістерге ұшырамайды: күндіз батыста +30 +37°С, оңтүстік-батыста +27 +37°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте, шығыста +22 +30°С, орталықта +20 +28°С, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35°С, ал таулы аймақтарда +25°С шамасында», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.