04.08.2022, 15:47
Жаңалықтар
Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
Кінәлілерге 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері заңсыз ойын орындарын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Анықталғандай, екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айларының аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратынан және пәтерде заңсыз тыйым салынған құмар ойынды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзу қылмыстық әрекеттері әшкереленді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Сот үкімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды