03.08.2022, 09:31
Жаңалықтар
Елімізде коронавирустан бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Тағы 8 адам аса ауыр халде жатыр
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда 1 тамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда елімізде 27 747 адам КВИ-ден емделіп жатыр. Олардың 27 498-нен коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы расталса, қалған 249-да аурудың симптомдары ғана бар.
Стационарда 1 505 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың:
- 32 науқас ауыр халде
- 8 науқас аса ауыр халде
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған
Айта кетейік, 2 тамызда Қазақстанда 2661 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
