$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Желі арқылы діни материалдарды таратқан атыраулық азамат айыппұл арқалады

Сонымен қатар оның әлеуметтік желідегі парақшасы уақытша бұғатталды

Желі арқылы діни материалдарды таратқан атыраулық азамат айыппұл арқалады
фото: www.gov.kz

Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны өзінің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы Құран сүрелері мен заңсыз діни ағымдағы аудио жазбаларын жүктеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс бойынша заңсыз діни материалдардың таралуы және сатылуының алдын алу мақсатында  мониторинг жүргізді.

Рейдтік іс-шара барысында азамат діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды желі арқылы таратқаны белгілі болды. Яғни ол ҚР-ның Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған.

Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаға 107 205 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, әлеуметтік желідегі парақшасы 3 айға бұғатталды.

Серіктес жаңалықтары