Сонымен қатар одан ерекше иісі бар 4 бөтелке сұйықтық тәркіленді
Өскеменде түрмеге 10 телефон кіргізбек болған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өскеменде жалпы режимдегі колония қызметкерлері ҚР Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, ұялы телефондардың ірі партиясын түзеу мекемесі аумағына кіргізбек болған азаматты ұстады.
ШҚО бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/20 мекемесі аумағында 22 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында жас жігіттен төрт пакет табылды, онда 10 ұялы телефон, аксессуарлар және ерекше иісі бар 4 бөтелке сұйықтық болды. Жігіт пакетті таспамен мықтап орап, оларды спорттық киімдердің жеңіне жасырған.
Алынған сұйықтық сараптамаға жіберілді.