03.08.2022, 02:07
Жаңалықтар
Ақтауда әуе шеруі өтеді
Әуе шеруі Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылады
фото: matritca.kz
Ақтауда әуе шеруі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
5 тамызда Ақтау қаласында аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай әуе шеруі өтеді.
Шараға Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштері армия авиациясының тікұшақтары мен жойғыш ұшақтары қатысады. Әскери ұшқыштар жоғарғы пилотаж әдістерін орындап, өз шеберліктерін көрсетеді. Әскери әуе шеруін қала тұрғындары мен қонақтары теңіз жағалауынан тамашалай алады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды