02.08.2022, 16:57
Жаңалықтар
«Қызыл аймақ» болса да, оқушылар сабаққа барады - Айжан Есмағамбетова
Білім ошақтарында тек тазалық жұмыстары көбірек жүргізіледі
Фото: ашық дереккөзден
Алдағы уақытта еліміздің қай өңірі болсын "қызыл аймаққа" енсе де, мектептегі оқу жалғаса береді. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Қашықтан оқыту түрі болмайды деген Айжан Есмағамбетова, білім ошақтарында тек тазалық жұмыстары көбірек жүргізілетінін айтты.
"Мектептерде зарарсыздандыру, желдету, тазалау жұмыстары әдеттегіден де көбірек жүргізіледі. Кіре берістерге арнайы фильтр орнатылады. Қандай да бір іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.Тіпті ата-аналар жиналысы болмайды",-деп мәлімдеді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті