01.08.2022, 14:49
Жаңалықтар
Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды
Ол пара алу бойынша күдікті деп танылған
Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты тамыз айының 3-і күні ашық өтетінін мәлімдеді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады.
Еске сала кетейік, 26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға және Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне түсті. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа берілген.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)