01.08.2022, 13:57
Жаңалықтар
Испанияда аптап ыстықтан 2064 адам қайтыс болды
Марқұмдардың дені - қарт кісілер
Фото: ашық дереккөзден
Испанияда биыл аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 2 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл былтырмен салыстырғанда 4 есе көп. Марқұмдардың дені - қарт кісілер. Қайтыс болғандар қатарында балалар да бар.
Айта кеткен жөн, биыл жазда Еуропаның көп елін аномальды ыстық әлекке салды. Мамандар оған климаттың өзгеруі себеп дейді. Испаниядан бөлек мұндай жағдай Португалия, Франция, Италия мен Ұлыбританияда тіркелді. Аптап соңы қуаңшылыққа ұласып, Еуропаның кейбір елдері суды тұтынуды шектеуге мәжбүр.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
