$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нью-Йоркте маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

АҚШ аумағындағы маймыл шешегі бойынша әрбір төртінші жағдай Нью-Йоркте тіркелген

Нью-Йоркте маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді
фото: tolqyn.kz

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хокул маймыл шешегін жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты штатта төтенше жағдай режимін жариялады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Штат әкімшілігі сайтында маймыл шешегін жұқтырғандар қатарының көбеюіне байланысты губернатор төтенше жағдай режимін жариялағаны көрсетілген.  

«Мен және менің командам халықты вакцинамен және тестпен қамтамасыз етуді арттыру мен сақтық шаралары туралы жұртшылықты хабардар ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз», - деді Хокул.

Сонымен қатар ол АҚШ аумағындағы маймыл шешегі бойынша әрбір төртінші жағдай осы штатта тіркелгенін атап өтті.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының мәліметінше 29 шілдеде Нью-Йоркте маймыл шешегін жұқтырғандар қатары 1 345 жеткен.   

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#маймыл шешегі