$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында браконьерлерден 2284 киік мүйізі тәркіленді

Броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған

Алматы облысында браконьерлерден 2284 киік мүйізі тәркіленді
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында браконьерлерден 2284 киік мүйізі тәркіленді. Бұл туралы ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитет мәліметінше, 28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады.

Олар – БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Браконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған.

Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары