28.07.2022, 22:31
Жаңалықтар
Есік қаласында болған атысқа қатысы бар тағы екі күдікті ұсталды
Қақтығыс кезінде қолданылған қару тәркіленді
Фото ашық дереккөзден
Есік қаласында болған атысқа қатысы бар тағы екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облыстық полиция депратаментінің мәліметінше, олар 27 шілде күні ұсталған. Екеуі де бұған дейін істі болған.
Осыған дейін негізгі күдікті ұсталған болатын.
«Үш күдікті де тергеу изоляторында отыр. Тергеу Қылмыстық кодекстің үш бабы – "Адам өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу" және "Бұзақылық" бойынша қозғалды", - деп хабарлады полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, қақтығыс кезінде қолданылған қару тәркіленді.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды