28.07.2022, 13:57
Жаңалықтар
Астанада футбол алаңынан ер адамның денесі табылды
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Биылғы 26 шілде күні сағат 10:11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», - делінген департамент хабарламасында.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы