Алматының қақ ортасында тұрғындарға пышақ тақап, тонап кеткендер ұсталды

Azattyq Rýhy

Олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Алматының қақ ортасында тұрғындарға пышақ тақап, тонап кеткендер ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Алматыда пышақпен қаруланған жастар өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1,4-тармағында көзделген – тонау, яғни ұрлық мақсатында бөтеннің мүлкіне күш қолдану арқылы, адамдар тобының сөз байласуы бойынша қару қолданумен жасалған ұрлық, қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 2005 жылы туған Д.есімді азамат, 2005 жылғы Ж.есімді азамат, 2005 жылы туған Н.есімді азамат және 2003 жылғы Б.есімді азамат ұсталды. Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған.

Бір қызығы, олар саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген.  Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған. Аталған адамдар ұсталды, олар қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.