$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры 4 жылға сотталды

Ол бюджеттің 12 миллион теңгесін ұрлады деп айыпталған

ШҚО-да жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры 4 жылға сотталды
Фото ашық дереккөзден

А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген қаражатты ұрлап, сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаларды есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған.

Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған.

«А.Базарханова өзінің танысына қарызды қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан таражға салған. Облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы оның өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, А.Базархановаға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары