$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Щучье көлінде катамаран аударылып, 4 адам суға батып кете жаздады

Анықталғандай, екі кісіге арналған катамаранға төрт адам отырған

Щучье көлінде катамаран аударылып, 4 адам суға батып кете жаздады
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Щучье көлінде екі кісіге арналған катамаран аударылып, төрт адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, шілденің 27-сінде Щучье қалалық құтқару станциясына Щучье көлінде катамаран батып бара жатқандығы туралы хабарланған.

«Шақыру орнына үш адамнан тұратын құтқарушылар тобы жетті. Анықталғандай, екі кісіге арналған катамаранға төрт адам отырған. Сол себепті, қайық аударылып, суға батып кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар зардап шеккендерді қайыққа салып, жағаға шығарды. Төрт демалушының да жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары