$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде тағы 6 университет жабылуы мүмкін – Асхат Аймағамбетов

Алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды

Елімізде тағы 6 университет жабылуы мүмкін – Асхат Аймағамбетов
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық алты жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларына ауыстырылған. 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензиясы кері қайтарып алынды.

Министрдің айтуынша, оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы төрт ЖОО-мен сот процестері жүріп жатыр.

"Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны (85-тен 50-ге дейін) қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады. Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды", - деп жазды Аймағамбетов.

Айтуынша, алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, енді біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары