$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шілде айында коронавируспен ауырған 3 науқас қайтыс болды – Айжан Есмағамбетова

Елімізде тәулігіне коронавирустың расталған 2700 жағдайы тіркеліп жатыр

Шілде айында коронавируспен ауырған 3 науқас қайтыс болды – Айжан Есмағамбетова
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылардың өсімі байқалады. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 1,9 есеге өсті. Тәулігіне коронавирустың расталған саны 2700 жағдайы, ал коронавирустың расталмаған саны 20 жағдайы тіркеледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Наурыз айынан бастап өлім-жітімнің бірлі-жарым жағдайы тіркелуде, шілде айында КВИ-мен ауырған 3 науқас қайтыс болды.

«Соңғы аптада ауырған адамдардың 70%-ы 3 аймақта, олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды облысында тіркеліп отыр. Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен. Бүгінгі күні КВИ бойынша стационарлық көмек 180 инфекциялық ауруханада көрсетіледі, қуаты 4500 төсек-орын болатын резервте 20 мың төсек-орын бар. Бүгінде 1342 пациент емдеуге жатқызылды, төсек-орынның қамтылуы 30%-ды құрайды», - деді спикер.

Айта кетерлігі, КВИ-мен ауырып стационарлық емделіп жатқан пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар 36,3%-ды, ересек пациенттер 63,7%-ды құрайды.

Серіктес жаңалықтары