Сәрсенбі күні ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық сақталады
Синоптиктер 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс, солтүстік жартысында оңтүстік циклон қуыстарының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ бұршақ, солтүстік-батыста дауыл, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика бойынша жел 15-20 м/с күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары қысымды алқапта жауын-шашынсыз ауа райы болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстік пен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.