$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда жолды бөлісе алмаған жүргізушілер төбелесіп, бір адам мерт болды

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Маңғыстауда жолды бөлісе алмаған жүргізушілер төбелесіп, бір адам мерт болды
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында жол бойында зейнеткер жүргізуші аяусыз соққыға жығылып, көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 шілдеде сағат 20:00-де Жаңа Дәулет ауылында қайғылы оқиға орын алды. Жол бойынан зейнеткердің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, жолды бөлісе алмаған екі жүргізуші арасында жанжал туындаған. Күдікті көліктен шығып, 67 жастағы ер адамды ұрып-соққан. Зейнеткер алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

«Полиция қызметкерлері Жаңа Дәулет ауылының 67 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу сотының берген санкциясымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары