$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары лото-клубты жабуды талап етті

Олар букмеркерлік кеңсенің жіті тексерілгенін қалайды

Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары лото-клубты жабуды талап етті
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауылының тұрғындары жергілікті Loto Club-тың жұмысын тоқтатуды талап етуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұрғындар өз талаптарын бейнеүндеу арқылы жеткізген.

Наразылыққа шыққандар Бейбарыс Сұлтан көшесінде орналасқан букмеркерлік кеңсенің жіті тексерілгенін қалайды. Олардың айтуынша, ауыл тұрғындарын құмар ойынға тартқан клуб ойын автоматтары арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан.

"Жас отбасылардың шаңырағы шайқалып жатыр. Жастар лото-клуб кесірінен қарызға белшеден батып, өздеріне қол салуға дейін барады. Мұның алдын алу үшін 16 мамырда Бейнеу ішкі істер департаментіне бейнеайғақтар жібергенбіз. Алайда мемлекеттік органнан әлі күнге дейін жауап келген жоқ", - дейді тұрғындар.

Серіктес жаңалықтары